Үшінші тоқсанда мектеп бітіруші сыныптар штаттық режимде оқытылады - вице-министр
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Үшінші тоқсанда мектеп бітіруші сыныптар штаттық режимде оқытылады - вице-министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112750412296679.webp)
ашық дереккөз
"Елімізде мектеп оқушылары үшін оқу жылының үшінші тоқсаны кеше, яғни 11 желтоқсан күні жоспарлы түрде басталды. Үшінші тоқсан 20 наурызға дейін жалғасатын болады. Бұл тоқсанда дәстүрлі форматта оқыту екінші тоқсандағыдай 1-5 кезекші сыныптарда жалпы білім беретін мектептерде және халықаралық мектептерде 1-7-сыныптарда дәстүрлі форматта оқыту қарастырылған. Сонымен қатар екінші тоқсандағыдай 300 оқушысы бар мектептерде дәстүрлі форматта білім беру жалғастырылуда. Сондай-ақ орта мектептердің 10-11-сынып оқушылары мен халықаралық мектептердің 10-12-сынып оқушыларына штаттық режимде білім беру қарастырылған. Барлық санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс. Екінші тоқсандағыдай бір сыныпта 15 оқушыдан оқытылатын болады”, - деді вице-министр.
Ұқсас жаңалықтар