Мәжіліске ҚХА-дан 9 депутат сайланды - Орталық сайлау комиссиясы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәжіліске ҚХА-дан 9 депутат сайланды - Орталық сайлау комиссиясы
ашық дереккөз

ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижесі бойынша Сауытбек Абдрахманов - 298, Аветик Амирханян - 270, Ильяс Буларов - 274, Наталья Дементьева - 292, Юрий Ли - 282, Вакиль Набиев - 285, Шамиль Осин - 271, Владимир Тохтасунов - 277, Абилфас Хамедов 290 дауысқа ие болды. Белгілі болғандай, дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны - 351 адам. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат Парламент Мәжілісіне өтті. Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес сессияда Ассамблеядан сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған үміткерлерге дауыс берілді. 11 қаңтарды Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жариялады. Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа "Nur Otan" партиясынан 76 мандат, "Ақ Жол" партиясынан 12 мандат, "Қазақстан Халық" партиясынан 10 мандат ұсынылатыны белгілі болды.