Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды
ашық дереккөз

Байрақты бәсекеде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің облыстарынан спортшылар бақ сынайды. Ұлттық құрама сапынан тек Кирилл Герасименко жарыстан босатылған. Тәжірибелі теннисшілер арасынан Тимур Келбұғанов (Алматы), Денис Жолдуев (ШҚО), Гүлчехра Хусейнова (Орал), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан), Владислав Захаров (Қарағанды) Зәуреш Акашева (Қарағанды), Айдос және Дастан Кенжеғұловтар (Орал), Эрик Райтер (Қарағанды) Деас Мархабаев (Ақтөбе), Айя Әлімбаева (Алматы), Александр Герасименко (Нұр-Сұлтан) және Әсемгүл Өтепова (Павлодар облысы) қатысады. Тәжірибелі спортшылармен қатар қатысушылар арасында талантты жастар да бой көрсетеді. Атап айтқанда, Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Сағантай Құрмамбаев (ШҚО), Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Анель Бахыт (Шымкент), Искандер Харки (Жамбыл облысы), Бақдәулет Әкімәли (Шымкент), Алсу Сапарова (Орал), Ирисбек Артукметов (Шымкент), Санжар Жұбанов (Орал), Алина Борисюк (Қостанай).