ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылары сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылары сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті
ашық дереккөз

Кездесу барысында М.Баймұхан ЕҚЫҰ-мен сындарлы ынтымақтастықты атап өтіп, 10 қаңтарда өткен ҚР-дағы парламенттік сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес өткенін атап өтті. Я.Домански ДИАҚБ мен ЕҚЫҰ ПА-ның Қазақстанның мемлекеттік органдарымен, оның ішінде сыртқы саяси ведомствосымен өзара іс-қимылын оң атап өтті, сондай-ақ Миссияның Қазақстандағы жұмысын ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Сайлау арасындағы ҚР мемлекеттік органдарымен, оның ішінде жақын арада шығатын ДИАҚБ ұсынымдары бойынша тығыз ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді. [caption id="attachment_57560" align="alignnone" width="1280"] Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметінен[/caption] К.Вигенин Миссияның жұмысына көмектескені үшін ҚР мемлекеттік органдарына алғысын білдіре отырып, күрделі эпидемиологиялық жағдайларға қарамастан сайлауды ұйымдастырудың жоғары деңгейін және бұл басқа елдер үшін сөзсіз үлгі болатынын атап өтті.