ҚХА мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер кандидаттарға дауыс беруде
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ҚХА мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер кандидаттарға дауыс беруде](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112744739648592.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының қалалық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруді өткізу тәртібін түсіндіргеннен кейін Ассамблея мүшелері дауыс беруге арналған пунктке шақырылды. Дауыс беруге арналған бюллетень сайлаушыға сайлаушылар тізімінің негізінде оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда беріліп отыр. - Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл. Бұл ерекше дата. Ол қазақ еліне де, қазақ жеріне де, қазақстандықтарға да барлығына бір жаңалығымен, ерекшелігімен қадам басатын жыл. Тәу етіп жүрген Тәуелсіздікті ата-бабамыз сан ғасыр бойы армандады. Сол арманға біздер жетіп отырмыз. Бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымыз ұзағынан, елім мәңгілік болсын. Сол елімнің мемлекеттік тілі де мәңгілік болсын. Бастысы Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттік тіліміз ғұмырлы болуын тілеймін. 30 жылғы арманым осы. Ісіміз бен сөзіміз сай келіп, қазақтың тілі мемлекеттің ұлтаралық тіл болса екен деп соны армандаймын, - дейді Асылы Осман ҚХА мүшесі. Осы орайда айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісіне ҚХА атынан 9 кандидатты ұсынып отыр.