Елбасы ҚХА-дан ұсынылған Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға дауыс берді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елбасы ҚХА-дан ұсынылған Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға дауыс берді
ашық дереккөз

- Бұл үлкен сайлау болды. Сайлауда "Нұр Отан" партиясы да жеңіске жетіп, халықтың сеніміне бөленді. Сондықтан алдымызда үлкен жұмыстар тұр. Ал бүгін мінеки, біз Конституциямыз бойынша ҚХА атынан сайланатын 9 кандидатқа дауыс бердік, - деді Елбасы.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессия өтіп жатыр. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес сессияда Ассамблеядан сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған үміткерлерге дауыс беріледі. Оған ҚХА мүшелерінің қатысуы ескерілген. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы шығарады. Мұнымен қоса, бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, сондай-ақ министрлер дауыс берді.