Түркияның Cыртқы істер министрлігі Қазақстанда өткен сайлауға қатысты пікір білдірді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Түркияның Cыртқы істер министрлігі Қазақстанда өткен сайлауға қатысты пікір білдірді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211274705228633.webp)
Түркия өкілдігі «Биыл тәуелсіздік алғанына 30 жыл толған Қазақстан мен Түркияның стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да дами береді» деген сенім білдірді. Еске салсақ, кеше Қазақстанда Конституциялық мерзімге сай өткен Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлауы өтті. Мәжіліс сайлауында елімізде тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» депутаттық мандаттан үмітті. Бұл партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға да кандидаттарын ұсынған. Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан - 19; «Nur Otan» партиясынан - 126; «ADAL» саяси партиясынан - 16; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан - 38 және «Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар. Сайлаудың алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды.