«Exit poll» нәтижесі бойынша «Nur Otan» партиясына 71,97 пайыз дауыс берілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Exit poll» нәтижесі бойынша «Nur Otan» партиясына 71,97 пайыз дауыс берілді
ашық дереккөз

«Қоғамдық пікір» институты 10 қаңтар күні сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама «Exit poll» жүргізді. Институттың интерьерлері 600 сайлау учаскесінде сауалнама өткізді. Оның ішінде 316-сы – қалада, 284-і – ауылда. Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, барлық облыс орталықтары, аудандық маңызы бар қалалар, шағын қалалар және ауылдық елді мекендерді қамтыды. Күні бойы сауалнаманың төрт толқыны өткізілді. Нәтижесінде 24 мың сайлаушыға сауалнама жүргізілді», - дейді ол.

Оның айтуынша сайлаушыларға сауалнама «Exit poll»-дың стандартты халықаралық әдістемесі бойынша жүргізілгенін мәлім етті. «Респондеттерге бір сұрақ қойылды. «Қазақстан Республикасының Парламенттік сайлауында қай партияға дауыс бердіңіз?». «Exit poll»-дың нәтижелері: сайлаушылардың 9,03 пайызы - Қазақстан Халық партиясына, 71,97 пайызы - «Nur Otan» партиясына, 5,75 пайызы - «Ауыл» партиясына, 10,18 пайызы - «Ақ жол» партиясына, 3,07 пайызы - «Адал» партиясына дауыс бергенін айтты», - дейді Айнұр Мәжитова.