Бүгін отбасымыз үшін тарихи күн болды – Оңалхан Өнерхан

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін отбасымыз үшін тарихи күн болды – Оңалхан Өнерхан
ашық дереккөз

«2019 жылы отбасымызбен тарихи отанымызға оралдық. Бір жылдан аса уақыттан бері елорда тұрғынымыз. Бүгін біз үшін тарихи сәт болды десек те болады. Себебі Қазақстанға қоныстанғаннан бері тұңғыш рет еліміздегі маңызды саяси додада, яғни сайлауда өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік. Сайлаудың әділ өтіп жатқанын көзіміз көріп отыр. Қазақстанның болашағы жарқын болады деп сенеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, мемлекетіміз бұдан да әлеуетті ел болсын деп тілейміз», - деді ол.