Сайлау басталған сәттен бастап прокуратура органдарына екі өтініш түсті – Саргазин

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сайлау басталған сәттен бастап прокуратура органдарына екі өтініш түсті – Саргазин
ашық дереккөз

«Сайлау басталған сәттен бастап прокуратура органдарына екі өтініш келіп түсті. Біріншісі – Маңғысау облысының прокуратурасына әкімшілік қамауға алынған адам көшпелі сайлау комиссиясының құрамында байқаушылардың болмауы және олардың қатысуынсыз дауыс беруден бас тартатындығы жөнінде өтінішпен жүгінді. Өтініш құзыретіне сәйкес, аумақтық сайлау комиссиясына және облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына жолданды. Екіншісі Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасына бір азаматшаның оның нөмірі 163 сайлау учаскесіндегі байқаушылар тізімінен негізсіз шығарғаны туралы өтініші келіп түсті. Аталған өтініш құзыреті бойынша аумақтық сайлау комиссиясына жолданды», - деді ол.