ҚР Сайлау туралы Конституциялық заң талаптары бұзылуының екі фактісі расталды – Бас прокуратура

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҚР Сайлау туралы Конституциялық заң талаптары бұзылуының екі фактісі расталды – Бас прокуратура
ашық дереккөз

«Бас прокуратура Конституцияға сәйкес, дауыс беру күні де бүкіл сайлау науқаны кезінде де заңдылықты қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Бүгін сайлау процесіне қатысушылардың барлығының заңнама талаптары мен азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау прокуратура органдары үшін жұмыстың басты басымдығы болды. Бұзушылықтар туралы келіп түскен әрбір хабарлама мұқият тексерістен өткізілуде. Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы Конституциялық заң талаптары бұзылуының екі фактісі расталды. Бұл сайлауалды үгітті оған тыйым салынған кезеңде жүргізу және интернет желісінде сайлау нәтижелерін жариялау. Бірінші факт Алматы қаласының тұрғыны Конституциялық заңның 18-бабының 1-тармағына қайшы дауыс беру күні өзінің фейсбук парақшасында партиялардың бірі үшін үгіттейтін пост орналастырған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабымен жауаптылыққа тарту үшін оның орналасқан жері бойынша шаралар қабылдануда. Екінші жағдайда елорда тұрғыны телеграм мессенджеріндегі өз арнасында сайлау учаскелерінің біреуі бойынша дауыс нәтижелерін жариялаған. Бұл факт тексерілуде. Құқықтық баға беріледі», - деді ол.