Санитарлық шектеулерді бұзғаны үшін 10 бақылаушыны ғимараттан шығаруға тура келді – Заппаров
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Санитарлық шектеулерді бұзғаны үшін 10 бақылаушыны ғимараттан шығаруға тура келді – Заппаров](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112745219924769.webp)
ашық дереккөз
«Науқан кезінде сайлау учаскелерінде түсініспеушілік туғызған түрлі оқиғаларды ескермегенде айтарлықтай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Мәселен, карантин нормалары күшейтілген кейбір қалаларда сайлау комиссияларының төрағалары толтырған актілерге сәйкес, санитарлық шектеулерді бұзғаны үшін және комиссия жұмысына кедергі келтіріп, сайлау учаскелерінде болу тәртібін сақтамағандығы үшін 10 бақылаушыны мәжбүрлі түрде ғимараттан шығаруға тура келді. Бұдан бөлек, кейбір қалаларда заңсыз жиындар мен митингілер ұйымдастыру, соған қатысуға үгіттеу әрекеттері орын алды. Бұл азаматтарға жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура қызметкерлері акцияның заңсыз екенін бірнеше рет ескертіп, тоқтату қажеттігін түсіндірді. Мемлекеттік билік өкілдерінің заңды талаптарын орындаудан кейбір азаматтар бас тартты. Оларды қызметкерлеріміз полиция бекеттеріне жеткізуге мәжбүр болды. Олар профилактикалық әңгімелесуден кейін үйлеріне жіберілді. Ешқайсысы әкімшілік немесе қылмыстық қудалауға ұшыраған жоқ. Жалпы, елімізде қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Осы мүмкіндікті пайдаланып, азаматтардың тыныштығын сақтау үшін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарының жалғаса беретінін жеткізгім келеді», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар