Көптен бері биыл бірінші рет дауыс беруге келдім – Жұмабек Өтегенұлы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көптен бері биыл бірінші рет дауыс беруге келдім – Жұмабек Өтегенұлы
ашық дереккөз

«Мен Ауған соғысының ардагерімін. Соғыста бір қолымнан айырылып, бір аяғымнан жараланғанмын. Сонда да дауыс беруге келдім. Шынымды айтсам, бұған дейін дауыс беруге сайлау учаскелеріне бармайтынмын. Алайда жерімізге көз тіккен сыртқы арандатушылардың сөздері жаныма тыныштық бермеді. Содан кейін әлеуметтік желілерден «өз қазағымыздың тағдырын өзгерткілеріңіз келсе, міндетті түрде дауыс беріп, өз таңдауларыңызды жасаңыздар» деген бейнежазбаны естіген соң бір дауыс болса да, дұрыс таңдау жасауға өзімнің үлесімді қосайын деп келдім. Бұдан кейін жақсылық боларына сенемін», – деді ол.