Қазақстан азаматтары сайлауға өте саналы түрде келу керек – Майра Ілиясова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан азаматтары сайлауға өте саналы түрде келу керек – Майра Ілиясова
ашық дереккөз

«Менің ойымша, жалпы осындай науқандар болған кезде Қазақстан елінің азаматтары өте саналы түрде келу керек. Өзінің ойларын ашық айтып, өздерінің қалаған партия болсын, қалаған депутаттарына дауыс беру керек деп ойлаймын. Өйткені біз егемендік алған, тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз. Аман болайық. Осындай науқандар көп болсын. Еліміз бүгін өте көңілді. Мен әрі бақылаушы болып, ерікті бақылаушы ретінде бірнеше жерде болдым. Қай жерге келсем де, халық ағылып, дауыс беріп жатқанын көрдім. Халықтың көңіл-күйі өте жақсы. Сондықтан амандықта болайық. Жақсылық болсын», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова.