Көшіміз түзу болу үшін заң орындалу керек – Несіпбек Айтұлы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көшіміз түзу болу үшін заң орындалу керек – Несіпбек Айтұлы
ашық дереккөз

Бұл сайлау бұған дейінгі сайлаудан өзгеше өтуде. Осы жолғы Парламент Мәжілісінің сайлауына Берік Әбдіғалиұлы, Аманжол Әлтаев, Дәурен Қуат, Жанарбек Әшімжан, Дәулеткерей Кәпұлы және тағы басқа да руханияттың көрігін қызыдырып жүрген, қылыштай қылшылдаған зиялы жас жігіттер талап қылып жатыр. Осындай ұлтқа жанашыр азаматтарға үміт артамын. Халық қалаулысы болса деп тілеймін. Қазіргі заман, уақыт басқа. Әлемнің өзі сан құбылуда.  Сондай кезде бізге де сілкінетін, елді, жерді, ана тілімізді қорғайтын кезең келді. Тәуелсіздігіміздің іргесін шайқалтпау керек. Еңсемізді тіктеп, есімізді жиған, әлемге танылған мемлекет болдық. Енді біз өркениеттің жолына түсіп, көшімізді соған қарап түзеуіміз қажет.  Көшіміз түзу болу үшін заң орындалу керек. Елді діңкелетіп отырған жемқорлықтың тамырына үзілді-кесілді балта шабылса деймін.  Бір сөзбен айтқанда, сайлаудан жаңалық күтем. Болашақ депутаттар халық үшін жұмыс істесе екен. Партиялар халық пен биліктің арасына алтын көпір болып, «бір жағадан бас, бір жеңнен» қол шығарып, елдегі өзекті мәселелерді шешу қажет. Мен өзім №351 сайлау учаскесіне барып, дауыс бердім. Ешқандай заң бұзушылықты көргенім жоқ. Қазіргі талапқа байланысты барлық сақтық шаралары жасалған. Осыны ұйымдастырған азаматтарға разы болдым.