Бақытбек Смағұл: Сайлауға қатысу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бақытбек Смағұл: Сайлауға қатысу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы
ашық дереккөз

Біз, Қазақстан халқы, дауыс беріп, өз ықтиярымызды білдіру арқылы тарихты жасаймыз! Еліміздің даму даңғылымен ілгерілеуіне үлес қосамыз. Бұл – елде азаматтарымыздың саяси құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің аса маңызды элементі саналады. Төмендегі суреттен халықтың белсенділігін байқайсыз: таңғы тоғыздың өзінде дауыс беру жәшігі сайлаушылар салып жатқан бюллетендерге жартысынан астамы толып қалыпты. Сайлаушылардың келу қарқыны жоғары. Бұл ретте санитарлық-эпидемиологиялық талаптар жақсы сақталған. Ағылып келіп жатқан сайлаушылардың бетпердесіздеріне тегін маска таратылуда. Оларға қолдарын антисептикпен дезинфекциялау ұсынылуда. Халықтың көңіл-күйі жақсы. Көбісі отбасы мүшелерімен, достарымен келіпті. Сайлау учаскесінің мамандары оларға дауыс беру процесінің мән-жайын түсіндіріп жатты. Осының бәрін бақылап, отандық және шетелдік байқаушылар отыр. Бір емес, үш қатар қойылған орындықтарға жайғасыпты. Олармен қысқаша әңімелесіп, қандай сын-ескертпелері барын сұрадым. Байқаушылар дауыс берудің тыныш, заң аясында, еш бұзушылықтарсыз, ең бастысы, қауіпсіз өтіп жатқанын айтты. Отандық және шетелдік телеарналар, ақпарат агенттіктері және газеттердің өкілдері де өз жұмыстарын жүргізуде.