Бізде сайлау әрқашан әділ өтеді – мұғалім
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
"Бүгін №50 сайлау учаскесіне барып, ел тізгінін сеніп тапсырар партияға дауыс бердім. Сайлау қашанда әділ өткен. Бұлы жолы да көпшілік даусымен Nur Otan партиясы жеңіске жетеді деп сенемін. Бүгінгі сайлауға келгендердің қарасы көп болды. Соның ішінде біз де отбасымызбен осындай тарихи сәттің куәгері болдық. Байқағаным, сайлаушылардың қатарында жастар көп екен. Негізі сайлаудың әділ өтпеуі «Менің дауысым маңызды емес, менсіз-ақ шешілер» дейтін жандарға байланысты. Ал енді жастардың белсенділік танытуы елдің болашағына бүгінгі ұрпақтың бей-жай қарай алмайтындығын білдіреді. Айтпақшы, дауыс беріп қана қоймай, кітапқа да қол жеткіздік. Өте игі бастама! Сайлаудың қорытындысын асыға күтеміз. Себебі ел тарихындағы елеулі, шешуші сәттің куәгері болу бақыты бізге бұйырып отыр. Өз басым, бұл жолы да ешқандай олқылық, заң бұзушылықтарды байқаған жоқпын. Орын алмайды деп үміттенемін. Қай партия жеңсе де, еліміздегі шешілуі тиіс мәселелер оң шешімін тапса екен", - дейді мектеп мұғалімі.
Ұқсас жаңалықтар