Елорда тұрғындары белсенді түрде дауыс беруде – Айдос Жанат

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда тұрғындары белсенді түрде дауыс беруде – Айдос Жанат
ашық дереккөз

«Сайлау учаскеміз №86 мектеп-гимназиясында орналасқан. 10 қаңтардағы сайлау Мәжіліс және қалалық мәслихатқа партиялар тізімі бойынша өтіп жатқаны бұрынғы сайлаулардан өзгеше. Өйткені бұл жерде сайлаушылар үміткерлерді емес, тек партияларды таңдау арқылы дауыс береді. Осы сайлау ең белсенді және халық үніне құлақ асатын, халыққа қызмет ететін партияларды анықтайтынына сеніміміз мол. Қазіргі уақытта біздің учаскеге бөлінген сайлаушылардың 70-85 пайызы келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл сайлаудың тағы бір ерекшелігі барлығы ашық түрде өтіп жатыр. Кабинкаларда перделер жоқ. Барлық санитарлық нормалар қатаң сақталған», - деді №307 сайлау учаскесінің төрағасы Айдос Жанат.

Әлі де дауыс беріп үлгермеген сайлаушылар www.2021sailau.gov.kz сайтынан өз сайлау учаскеңізді анықтап, кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс беріп үлгересіз.