Біздің болашағымыз үшін, ел болашағы үшін, кемел болашағы үшін мен өз таңдауымды жасадым — Асылхан Төлепов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Біздің болашағымыз үшін, ел болашағы үшін, кемел болашағы үшін мен өз таңдауымды жасадым — Асылхан Төлепов
ашық дереккөз

«Біздің болашағымыз үшін, ел болашағы үшін, кемел болашағы үшін мен өз таңдауымды жасадым. Дауыс беру мақсатым да, себебім де сол. Енді дауыс беру әрбір азамат пен азаматшаның азаматтық паразы деп ойлаймын. Әркімнің таңдауы өз еркінде. Мен өз таңдауымды жасадым. Өзім келдім. Менің отбасым, барлығы өздері дауыс берді», — деді ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, актер Асылхан Төлепов.

Ал Аян Төлепберген сайлауға барша қазақстандықты шақырды. «Сайлау болғаннан кейін енді әркімнің өз еркінде ғой кім үшін дауыс беретіні. Сондықтан мен ойлаймын, бірінші — Қазақстанның болашағы. Бастысы сол. Мен өзім келіп тұрмын. Мен де баршаны сайлауға келіп, әркім өз таңдауын жасауға шақырамын», - деді Аян Төлепберген.