Ибрагим Ескендір: Әділ сайлау болады деп сенемін

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ибрагим Ескендір: Әділ сайлау болады деп сенемін
ашық дереккөз

«Бүгін берекелі бірлігіміз үшін сайлауға келіп, өз даусымды беріп отырмын. Біздің елімізде де мінеки біраз экономикалық мәселелер бар. Білім саласындағы мәселелер бар. Халықтың әлеуметтік жағдайы, ол да үлкен мәселе. Сондықтан осы шақырылымға келіп жатқан депутаттардың, халық қалаулыларының жүгі ауыр болатыны анық. Сондықтан елдің жанын түсінетін ұлтжанды азаматтардың келуіне тілектеспін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Және де, әділ сайлау болады деп сенемін», - деді әнші, боксшы Ибрагим Ескендір.