Музыкалық жас көрермен театрында «Ұлдар» драмасының премьерасы өтеді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Музыкалық жас көрермен театрында «Ұлдар» драмасының премьерасы өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211275649533319.webp)
ашық дереккөз
«Ағайынды Карамазовтар» – 1878-1880 жылдары жазылған Ф.Достоевскийдің соңғы романы. Әлем әдебиетіндегі үздік туындылардың бірі ретінде бағаланады. Ф.Достоевский аталмыш романда адам өмірінің негізгі мәселелерін алға қояды. Әр адамның өмірі мен бүкіл адамзат тарихының мәні, адам болмысының моральдық және рухани негіздері туралы мәселелер қарастырылған. «Ұлдар» драмасының қойылымы жасөспірімдер өмірінен көрініс береді. Олардың адамға, қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарастары, күнделікті өмірдегі бір-бірімен қарым-қатынастары балалық психологияның шеңберінен шықпағанымен, жасөспірімдер ғана емес, ересек адамдарға да ой салатын көркем шешімдерге құрылған. Театрымыздың 2021 жылындағы алғашқы премьерасы – «Ұлдар» спектаклі көрерменді мейірімділікке, адамгершілікке, сенімділікке шақырады. Мысалы, Илюша кім? Ол тектен-текке батыр болып кеткен жоқ. Бала жүрек намыс пен кектің арасын ажырата алмай қалды. Шығарма қандай жағдай болса да, адам баласы өзінің асыл қасиеттерін жоғалтпай, адам болып қалу керектігін дәріптейді.Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – бала тәрбиесі. Олардың көретіні мен еститіні, еліктеуі, ер жетуі мен бой жетуі сынды маңызды кезеңдерінде ата-аналардың балаларына ерекше көңіл аударып, қадағалап отыруы негізіндегі ойларды да аталмыш қойылым алға тартады. Әр адам айналадағы қоршаған ортадағы әрбір жанға сыйластықпен қарап, оларға лайықты түрде құрмет көрсете білу – адамгершілік пен ақыл-парасаттың асқар биігі болса керек. Осы орайда, Музыкалық жас көрермен театры сахнасындағы «Ұлдар» қойылымының мағынасы осынау биіктік пен тағылымға толы.Қоюшы режиссері – Ерназар Жаңатілек, Аударған – А. Омаш.Кейіпкерлер мен орындаушылар: Илюша (бозбала) – Еламан Иманбаев, Дінислам НұрмағамбетовНиколай Красоткин (бозбала) – Асылхан Төлепов («Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты), Саламат МұқашевАлексей Карамазов – Абзал Арапов,Аян Өтепберген («Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты)Смуров (бозбала) – Иманғали АқәділСнегирев (Илюшаның әкесі, штаб капитаны) – Алтынбек Сүндет, Шыңғыс ТельмановСнегирева (Илюшаның анасы) – Замира Сапар,Дана ВерещакАгафия (бала күтуші) – Дана Верещак, Замира СапарКостя (Н. Красоткиннің інісі) – Талғат КеңесНастя (Н. Красоткиннің қарындасы) – Арелана АмангельдиеваПерезвон (ит) – Ерназар ЖаңатілекКадет оқушылары – Шалқар Мұралтай, Ернар Мұхамбет, Бибол Байғараев, Азамат Болатов, Мағжан Омар, Жасұлан Абдрахман.Басталуы: 19:00Ұзақтығы: 1 сағат, 15 минутӨтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Музыкалық жас көрермен театрының ғимараты, Ж. Омаров көшесі, 47Б.
Ұқсас жаңалықтар