Ақмола облысында жолда қалған 40-тан астам адам жылыту пунктіне жеткізілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақмола облысында жолда қалған 40-тан астам адам жылыту пунктіне жеткізілді
ашық дереккөз

Ведомствоның мәліметінше, Астрахан ауданының құтқарушыларына «Екатеринбор-Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолында автобус жолда қалды деген хабарбарлама түскен. «Айтылған жерге жеткен құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері автобуста болған 43 жолаушыны эвакуациялаған. Оның 8-i - бала. Новочеркаск ауылындағы жылыту пунктіне орналастырды. Жолаушылар медициналық көмекке жүгінген жоқ», - деді ведомстводан. Айта кетсек, қыс айларында Ақмола облысында республикалық және жергілікті автокөлік жолдарының қауіпті учаскелерінде 257 жылыту пункті жұмыс істейді. Естеріңізге салсақ, Ақмола облысында бір аптадан астам уақыт бойы ауа температурасы минус 37 градус аязды көрсетіп тұр. Осыған байланысты 7 қаңтардан бастап, қоғамдық және дизель отынымен жүретін көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.