Бірқатар мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі қысқарды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бірқатар мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі қысқарды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211276186455719.webp)
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында салық және кеден заңнамасына өзгерістер енгізілген. Осы өзгерістерге сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсету мерзімдері қысқарды: ˗ салықтық өтініш бойынша салық декларациясын кері қайтару - салықтық өтініш берілген күннен бастап 1 жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 5 жұмыс күні); ˗ салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру - бір жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 3 жұмыс күні); - әділет органдарының талабы бойынша қарыздың болмауы (болуы) туралы ақпарат - үш жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 5 жұмыс күні); - салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды, кедендік баждарды, кедендік алымдарды, пайыздарды есепке алу/қайтаруды жүзеге асыру - 5 жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 10 жұмыс күні).