Қазақстанда былтыр индустрияландыру картасы аясында 201 жоба іске қосылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда былтыр индустрияландыру картасы аясында 201 жоба іске қосылды
ашық дереккөз

Жобалар келесі салаларда жүзеге асырылды:

- АӨК және тамақ өнеркәсібі - 71 жоба; - құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру - 34 жоба; - энергетика - 12 жоба; - тау-кен өнеркәсібі - 4 жоба; - металлургия – 13 жоба; - химия өнеркәсібі – 12 жоба; - машина жасау - 17 жоба; - мұнай-химия өнеркәсібі - 2 жоба; - жеңіл өнеркәсіп – 6 жоба; - фармацевтика - 9 жоба; - ағаш өңдеу өнеркәсібі - 10 жоба; – қалған салалар - 11 жоба. Ауқымды жобалар: 1. "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС, автокөлік өндіретін зауыт, Алматы қ. (28 млрд тг, 700 жұмыс орны); 2. «Steel Manufacturing» ЖШС, патрон зауыты (28,1 млрд тг, 164 жұмыс орны); 3. "Linde Gas" ЖШС техникалық газдар өндірісі (27,5 млрд тг, 20 жұмыс орны); 4. "ModeX" ЖШС көлемді-блоктық үй құрылысы зауыты (15 млрд тг, 130 жұмыс орны); 5. "Жетісу Мажико" агрокешені" ЖШС, өсімдік майларын өндіру үшін майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты (соя, жүгері, рапс, күнбағыс) (5,8 млрд тг, 350 жұмыс орны).