Елордадағы сауда орталықтарында санитарлық нормаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы сауда орталықтарында санитарлық нормаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілді
ашық дереккөз

Топ құрамындағы елорда әкімдігі Кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция бойынша басқармасының қызмет көрсету және сауданы дамыту бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы өкілдері және полиция қызметкерлері «Sine Tempore» СО (ЦУМ), «Керуен-сити» сауда ойын-сауық кешені және «Сарыарқа» СО-да болып, келушілерге маска тағу режимінің маңыздылығын түсіндірді. - Бүгінгі іс-шараның мақсаты – жазалау немесе тексеру емес, тек түсіндіру. Яғни, маска тағу және оны дұрыс тағу, 2 сағат сайын ауыстыру, осындай қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтық сақтау, қолымызды үнемі зарарсыздандырудың маңыздылығын тұрғындар есіне тағы бір рет салуға келдік. Бұл нормаларды тек келушілердің ғана емес, сонымен қатар аталған сауда нысандарындағы кәсіпорындар қызметкерлерінің де сақтауы қажет, бұл ретте біз елорданың бас санитар дәрігерінің №67 Қаулысына сәйкес нормаларды басшылыққа аламыз. Бұл қаулымен қазір ақпарат көздері арқылы барлық адам таныса алады, - дейді Кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция бойынша басқармасының қызмет көрсету және сауданы дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов. [caption id="attachment_56477" align="alignnone" width="1279"] Фото: Сұлтан Сейітов[/caption] Іс-шараға қатысушылардың айтуынша, бұған дейінгі мониторинг жұмыстарының нәтижесі санитарлық нормалар негізінен сауда орындарында емес тамақтану орындарында бұзылатындығын көрсетті. Бұл жолғы түсіндіру жұмыстары кезінде де олар алдымен «Sine Tempore» сауда орталығында болып, мұнда санитарлық талаптардың барлығы дұрыс орындалғанына куә болды. Аталған орталықтың әкімгері Лариса Потокудың айтуынша, келушілер маска тағу режимі мен басқа да нормаларды жақсы сақтайды, ережелерді бұзбайды, ескертулерге құлақ асады. - Жыл басында инфекцияның жұғуының алдын алып, профилактика үшін өткізіп жатырмыз. Маска тағудың маңызы зор, мысалы ауырған адам маска тақса, ол жанында тұрған адамды 15 пайызға дейін ауру жұқтырудан сақтайды, - дейді Сарыарқа ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Гүлден Конкабаева. Ал Есіл ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы Гүлнар Жұмабекқызының айтуынша, осы аудан көлемінде былтыр маусым айынан бастап желтоқсанға дейін санитарлық нормаларды сақтау жөніндегі рейдтер нәтижесінде 248 хаттама толтырылған. Жалпы Есіл ауданы бойынша санитарлық талаптарды бұзғаны үшін түрлі нысандарға 85 млн теңге айыппұл салынған. Талаптарды бұзатындардың көбі – тамақтану орындары.

Райхан Рахметова