Еліміздің үздік жоғары оқу орындары анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еліміздің үздік жоғары оқу орындары анықталды
ашық дереккөз

Рейтинг нәтижесі бойынша анықталған мықты университеттердің ондығында Академиялық адалдық Лигасының құрамындағы университеттер де бар: 1. М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті; 2. Қазақстан-Британ университеті; 3. КИМЭП университеті; 4. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті; 5. Қазақстан-Неміс университеті; 6. Сүлеймен Демирел атындағы университет; 7. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; 8. Халықаралық білім беру корпорациясы; 9. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті; 10. Нархоз университеті. 108 университет бойынша 2 мыңға жуық білім беру бағдарламасын зерттеу жұмысына 6 мың сарапшы қатысқан. Рейтинг жоғары оқу орындарының артықшылықтарын анықтау, беделін көтеру және білім беру сапасының ұлттық және халықаралық нарықта деңгейін көтеруге бағытталған. Зерттеу барысында түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері ескерілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 27 мамырда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында жоғары оқу орындары арасында бәсекелестікті дамыту қажеттігін атап өтті. Бәсекелестікті дамытудың бірден бір жолы — қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары нарықтағы сұранысқа қаншалықты сай келетінін анықтау, ЖОО-лар арасында рейтинг жасау. Айта кетейік, Лиганың негізгі мақсаты академиялық адалдық қағидаттарын іске асыру және ілгерілету арқылы жоғары білім беру сапасын арттыру. Лиганың қызметі әлемнің ең үздік университеттерінің тәжірибелеріне негізделген 10 қағидаттармен тығыз байланысты.