Мағзұм Мырзағалиев: Жоспарланған шаралар 1,1 млн тонна балық өсіруге мүмкіндік береді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мағзұм Мырзағалиев: Жоспарланған шаралар 1,1 млн тонна балық өсіруге мүмкіндік береді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211275961025257.webp)
Сонымен қатар ол министрліктің заңнаманы жетілдіру, сапалы балық өсіру материалдарымен, жеммен, бұдан басқа, кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыс жүргізуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, оның ішінде балық шаруашылығы баптарына жеке нысаналы қаражат бөлу арқылы жұмыстар жүргізілетін болады. «Осылайша, жоспарланған шараларды іске асыру 10 жыл ішінде 2,2 трлн теңгеге 1,1 млн тонна балық өсіруге мүмкіндік береді. Екіншіден, балық өнімдерін ішкі тұтынуды жылына 134 мың тоннаға дейін ұлғайтуға болады. Үшіншіден, экспорттық түсімді 430 млн АҚШ долларына дейін ұлғайтуға қол жеткізуге болады. Төртіншіден, форель және бекіре тұқымдас балық өндірісін ұлғайту есебінен импорт көлемін 45 мыңнан 25 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бағдарламаны іске асыру кемінде 50 мың қосымша жұмыс орнын құруға және басым түрде ауылдық жерлерде халықтың табысын арттыруға ықпал ететін болады», - деді ол.