Балық өсіру көлемі 9 мың тоннадан 270 мың тоннаға дейін артады – министрлік
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында балық саласын дамыту қажеттігін атап өтті. Балық шаруашылығы әлемде де, Қазақстанда да қарқынды дамып келе жатқан перспективалы бағыттардың бірі болып саналады. Бұл ретте, мамандардың пікірінше, біздің еліміз жылына 600 мың тоннаға дейін балық өсіру бойынша айтарлықтай әлеуетке ие. Қазірдің өзінде өсірілген балық көлемі бойынша оң динамика байқалуда, оның өндірісі соңғы үш жылда 1,7 есеге артты», - деді министр.
Сонымен қатар ол министрліктің балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлегенін атап өтті. Бағдарлама өткен аптада Үкіметпен мақұлданған. «Бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға қарай балық өсіру көлемін жылына 9 мың тоннадан 270 мың тоннаға дейін 30 есеге арттыру жоспарлануда. 545 жаңа балық өсіру шаруашылығы құрылады және жұмыс істеп тұрған 323 шаруашылық толық жобалық қуатқа ауысады. Өңірлердегі жобалар бойынша ақпарат слайдта ұсынылған. Оларды іске асыру үшін 10 жыл ішінде 345 млрд теңге жеке инвестиция тарту көзделіп отыр», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар