Мырзағалиев Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін не істеліп жатқанын айтты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мырзағалиев Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін не істеліп жатқанын айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112761830054318.webp)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев онлайн брифингте Қазақстанда экотуризмнің әлеуеті зор екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Туризмдегі өркениетсіз көзқарас біздің табиғатымызға, бірегей табиғи нысандарымызға кері ықпалын тигізеді. Барлығымыз бұған сан рет көз жеткіздік. Сондықтан экологиялық, ұйымдастырылған туризмді дамыту қажет. Ал Қазақстанда экотуризмнің әлеуеті зор. Мемлекет басшысы ел ішіндегі экологиялық туризм мәдениетін белсенді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Жұмыс басталып та кетті. Қазіргі уақытта Қазақстанда 13 ұлттық парк бар. 2019 жылы келушілер саны 1,5 млн адам болды. Бүгінгі күні ұлттық парктерде көлік үшін жабдықталған тұрақтар, кемпингтер, жаңа санитарлық кабиналар мүлдем жеткіліксіз. Біз халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, негізгі назар маршруттар мен соқпақтарды дамытуға және жабдықтауға аударылатын болады. Заманауи визит-орталықтар, медициналық пункттер, кемпингтер, этно-ауылдар және басқа да нысандарды құру көзделіп отыр», - деді ол.