Азаматтар өздерінің экомәдениетінің төмен екендігін байқатты – Мырзағалиев
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Азаматтар өздерінің экомәдениетінің төмен екендігін байқатты – Мырзағалиев](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112762244287564.webp)
ашық дереккөз
«Пандемия ішкі туризмге деген сұранысты көрсетті. Бірақ бұл азаматтар өздерінің экомәдениетінің төмен екендігін де байқатты. Қазақстанда табиғаты ерекше жерлер көп. Табиғи парктерде, қорықтарда туристер келгеннен кейін қоқыс жиналады. Әрине, бұл табиғатқа кері әсерін тигізбей қоймайды. Оған қоса, елді мекендерде ағаштарды заңсыз кесу, жою, зиян келтіру деректері орын алды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы тәртіп бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуге бағытталған бірқатар шараларды қабылдады. Қызыл кітапқа енгізілген ағаштарды кесіп, зақымдағаны үшін 30 есе ағаш отырғызу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі нысандардың іргелес аумағындағы жасыл желекті екпелерді жойғаны үшін 10 есе көп мөлшерде ағаш отырғызуы көзделеді. Бұрын бұл нормалар көзделмеген еді. Бұдан бөлек, орман заңнамасын бұзудан келген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық мөлшерлемелерге өзгеріс енгізу бойынша жұмыс жүргізілді», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар