WBC рейтингінде Жәнібек Әлімханұлы үздіктер қатарына енді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![WBC рейтингінде Жәнібек Әлімханұлы үздіктер қатарына енді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211276749333739.webp)
Жәнібек Әлімханұлы болатын (WBC Americas белбеуінің иегері) орта салмақта жұдырықтасатын боксшылар арасында бесінші орынға көтерілді. Бұл дивизиондағы франчайзинг чемпионы - Сауль Альварес. WBC-дің белбеуі Джермалл Чарлоға тиесілі. Али Ахмедов (15-орын) мен Айдос Ербосынұлы (16-орын) суперорта салмақта ТОП-20 қатарында. Бұл дивизионның да чемпионы - Сауль Альварес. Атаққа міндетті үміткер - түрік Авни Йылдырым. Сондай-ақ WBC рейтингінде қазақстандықтар Мейірім Нұрсұлтанов (21-орын, орта салмақ), Садриддин Ахмедов (26-орын, бірінші орта салмақ), Тұрсынбай Құлахмет (31-орын, бірінші орта салмақ), Мадияр Әшкеев (38-орын, бірінші орта салмақ), Данияр Елеусінов (23-орын, жартылай орта салмақ), Виктор Коточигов (31-орын, жеңіл салмақ) және Сұлтан Заурбек (39-орын, екінші жеңіл салмақ) бар.