Цой: Пандемия басталғаннан бері мемлекеттік шекараларды бақылау күшейтілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Цой: Пандемия басталғаннан бері мемлекеттік шекараларды бақылау күшейтілді
ашық дереккөз

«Пандемия басталған кезде мемлекеттік шекаралардағы бақылау күшейтілді. Сырттан келген жолаушылар вирус тасымалдаушылар болуы мүмкін болғандықтан, оларға зертханалық тексерістер жүргізіліп, карантинге жатқызылды. Өткен жылы шетелден келген 27 мың жолаушыға зертханалық тексеріс жүргізілді. Олардың 130-ынан Сovid-тің оң нәтижесін көрсетті. Автокөлікпен 2 миллионнан аса адам келсе, олардың 1 267-сінен коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл тексерістердің нәтижесінде науқастар дер кезінде оқшауландырылып, вирустың таралуына жол берілмеді», – деді ол.