Иордания астанасында Абай көшесі ашылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Иордания астанасында Абай көшесі ашылды
ашық дереккөз

Қазақстан Елшісі Айдарбек Тұматов өз сөзінде Иордания астанасының орталық көшелерінің біріне 175 жылдығы қарсаңында қазақтың көрнекті ақыны мен ойшылының есімін беру екі ел арасындағы қарым-қатынастың және бауырлас қалалар – Нұр-Сұлтан мен Амман арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің тағы бір дәлелі екенін атап өтті. Өз кезегінде Амман қаласы муниципалитетінің қамқоршылар кеңесінің мүшесі Исмаил әл-Бустанджи бұл іс-шара бауырлас қазақ халқының мәдениетінің жарқын өкілі болып табылатын классиктің жоғары шеберлігіне деген құрмет екенін атап өтті.