Абайдың өлеңдер жинағы грузин тілінде жарияланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Абайдың өлеңдер жинағы грузин тілінде жарияланды
ашық дереккөз

Таралымы әзірге 500 дана. Хакімнің жазу стилі мен философиялық ой-толғамдарын кавказ елінің оқырмандары жылы қабылдады. Індетке байланысты кітаптың тұсаукесеріне қос мемлекеттің әдеби қауымы қатыса алмады. Жинақты Грузия білім беру ұйымдарының кітапханаларынан табуға болады. Тағы бір ерекшелік, кітап қазақ және грузин тілдерінде жарияланған. Баспадан шығаруға Қазақстанның Грузиядағы елшілігі мұрындық болған. Қазақ елшілігі кітаптың тұсаукесерін алдағы жылы өткізуге ниетті. Өлеңсүйер қауым індеттің тезірек кеткенін күтіп жүр. Ал Абайдың дана сөздері Қазақстан мен Грузия арасындағы мәдени байланысты нығайта бермек.