Бас қалада шорт-тректен Қазақстан кубогі бәсекесі өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бас қалада шорт-тректен Қазақстан кубогі бәсекесі өтеді
ашық дереккөз

Аталған турнир Нұр-Сұлтан қаласында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады. "Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерімен келісілген соң, турнирге көрермендердің қатыспайтыны белгілі болды. Шорт-тректен Қазақстан кубогі карантин жағдайында, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Жарыс кезінде күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады", - делінген Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағы таратқан хабарламада. Айта кетелік, шорт-тректен Қазақстан командасы желтоқсанның аяғына дейін елордада оқу-жаттығу жиынын өткізді.