Алтай Көлгінов iKomek 109 және «iQala» орталықтарының ұжымына алғыс айтты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алтай Көлгінов iKomek 109 және «iQala» орталықтарының ұжымына алғыс айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112780311016229.webp)
Төтенше жағдай кезінде блок бекеттердегі қалаға кіру және шығу толықтай автоматтандырылды: электронды базаға тек «жасыл дәліз» бойынша ғана кіруге құқылы көліктердің нөмірі тіркелді. Бұл көліктердің азық-түлікпен, сонымен қатар қаланың маңызды салаларына атсалысатын жұмыскерлер тізімінде бар адамдармен ғана кіріп-шығуға мүмкіндігі болды. Бұл электрондық жұмысты сол сияқты «iQala» қалалық қызмет көрсету орталығы да ұйымдастырды. Сондай-ақ ТЖ кезінде ШОБ өкілдерінде де сайт арқылы қала ішінде жүріп-тұру құқығы берілді.
«іQala» орталығы «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетеді. Мысалы, кәсіпкерлер немесе жеке тұлғалар бір орында жарық, су, жылу, қоқыс шығару және т.б. бойынша қызмет ала алады. Карантин уақытында орталықтың сайты арқылы электронды түрде қызмет алу жеңілдетілді. Орталықта 150-ден аса қызмет көрсетіледі. Егер 2019 жылы 3 600 қызмет көрсетілсе, 2020 жылы 69 мыңнан аса қызмет көрсетілді. Көрсетілетін қызметті арттыру үшін әрі қарай да жұмыс жүргіземіз. Маңызды жұмыстарды атқарып отырған аталған ұйымдардың ұжымына алғысымды білдіремін! Қызмет көрсетуді жақсарту, жұмыскерлерге еңбек шартын құру жөнінде әрі қарай да жұмыс істейтін боламыз», - деді елорда әкімі.
[caption id="attachment_55937" align="alignnone" width="880"] Фото: Александр Куприенко[/caption]