Ресейлік портал футболдан ең қымбат қазақстандық ойыншылардың рейтингін жасады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ресейлік портал футболдан ең қымбат қазақстандық ойыншылардың рейтингін жасады
ашық дереккөз

Мәскеудің ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов бәрінен қымбат — 3,5 миллион евро. Бұл қазақстандық футболшылар үшін тарихтағы ең жоғары көрсеткіш. Екінші орынды Бауыржан Исламхан (1,8 млн еуро), үшінші орынды алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Нұралы Әліп (1,7 млн еуро) иеленді. Төртінші орында "Астананың" қорғаушысы Дмитрий Шомко (1,5 млн еуро) тұр, бестікті "Қайраттың" қақпашысы Стас Покатилов тұйықтап, сол сомаға бағалады.