Әскери полиция органдарының айырым белгілері жаңартылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Әскери полиция органдарының айырым белгілері жаңартылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112779936441772.webp)
Әскери полиция органдарының айырым белгілері жаңартылады, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі. Жоба белгілерді «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Жаңа дербестендірілген белгі Қарулы Күштерінің ұлттық нақышы, үлгісі мен әскери геральдикаларын ескере отырып дайындалды. Сондай-ақ, әскери полиция органдарының төс белгілеріне өзгерістер енгізілді", - делінген хабарламада.