Футзалдан Қазақстан құрамасы рейтингтегі орнын сақтап қалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Футзалдан Қазақстан құрамасы рейтингтегі орнын сақтап қалды
ашық дереккөз

Жыл қорытындысы бойынша Испания құрамасы УЕФА рейтингінде көш бастаған. Екінші орынға Португалия жайғасса, үшінші орынға Ресей құрамасы тұрақтаған. Қазақстан құрамасы Ресейден бір ұпай айырмашылығымен төртінші орыннан көрінген. Футзал командаларының УЕФА рейтингіндегі орындары:

  1. Испания – 2209,692 ұпай;
  2. Португалия – 2116,631;
  3. Ресей – 2098,095;
  4. Қазақстан – 2097,180;
  5. Сербия – 2007,570;
  6. Әзірбайжан – 1990,738;
  7. Хорватия – 1943,614;
  8. Италия – 1928,482;
  9. Украина – 1896,725;
  10. Чехия – 1887,535.