National Geographic фотографтары Нұр-Сұлтан суреттерінен фотокөрме ұйымдастырды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
National Geographic фотографтары Нұр-Сұлтан суреттерінен фотокөрме ұйымдастырды
ашық дереккөз

«Ұлы дала жүрегі» көрмесінде қазақстандық және шетелдік авторлардың 150-ден астам жұмыстары ұсынылған. Олардың арасында фотосуреттері бүкіл әлемге таралған Джордж Стейнметц, Antonio Politano, Sasin Tipchai, Никита Басов, Тұрар Қазанғапов сияқты National Geographic-тің танымал фотографтары, сондай-ақ танымал отандық фотографтар Александр Куприенко, Батырлан Төлегенов, Александр Филипенко, Евгений Ткаченко, Айбек Аханов және басқалар бар. Фотосуреттер күнделікті өмірді, әлеуметтік, іскерлік және мәдени өмірді, елорданың жарқын сәттерін бейнелейді. Сонымен бірге ерекше гастрономия, спорт әлемі және қаланың ең көрнекті жерлері ұсынылады. «Ұлы дала жүрегі» фотокөрмесінің мақсаты - әлемге әйгілі шетелдік және отандық фотографтардың обьективі арқылы Нұр-Сұлтанның жан-жақты көрінісін көрсету. Іс-шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушылар барлық ережелерді қатаң сақтау, маска тағу, арақашықтықты сақтау және санитайзерлер қолдану керектігін еске салады. Айта кетейік, www.nursultankorme.kz сайты арқылы әлемнің кез келген нүктесінен онлайн режимде Қазақстан астанасының суреттерін көруге болады.