Елімізде балық шаруашылығында 50 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде балық шаруашылығында 50 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ
ашық дереккөз

«Болжам бойынша әлеуеттің 45%-ына 2030 жылы, ал қалған 55%-ына 2040 жылға дейін қол жеткізіледі. Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға қарай жылына шамамен 270 мың тонна тауарлы балық өсіру жоспарланып отыр. 545 жаңа балық өсіру шаруашылығы құрылады және жұмыс істеп тұрған 323 шаруашылық толық жобалық қуатына шығады. Оларды іске асыру үшін 10 жыл ішінде 345 млрд. теңге жеке инвестиция тарту көзделіп отыр»,- деді Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің сөзінше, балық шаруашылығын табысты дамытуға негізгі 4 фактор әсер етеді. Олар – заңнаманы жетілдіру, сапалы балық шабақтарымен қамтамасыз ету, балық жемі өндірісін жолға қою және кадрлық қамтамасыз ету. Сондықтан министрлік шаруашылықтарға жұмыс істеуге қолайлы болу үшін бірқатар шаралар қабылдауда. Балық шаруашылықтарын сапалы шабақпен қамтамасыз ету мақсатында 4 балық өсіру аймағы үшін селекциялық генетикалық орталықтар құрылмақ. «2022 жылы – 2, 2024 жылы - 3 орталық құрылады. 2022 жылы форель және сиг балықтары үшін 2 жаңа питомник салу көзделген. Бұдан басқа, 4 мемлекеттік балық питомнигінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) тетігін енгізу жоспарлануда. Ал жеммен қамту үшін әрқайсысының қуаты жылына 80 мың тонна (жалпы қуаты: жылына 400 мың тонна) болатын 5 заманауи зауыт салуға бизнесті тарту қажет. Оларды Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Маңғыстау облыстарында орналастырған жөн деп есептейміз», - деп айтты министр. Саланы маманмен қамту мақсатында 10 жыл ішінде Қазақстанның жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарында, сондай-ақ арнайы білім беру мекемелерінде 4 мың адам тиісті білім алады. Ол үшін білім беру гранттарын 40-тан 400-ге жеткізу керек. Министр саланы табысты дамытудың аса маңызды факторы – бастапқы кезеңде бизнесті субсидиялау екенін де алға тартты. «10 жыл ішінде жергілікті бюджет есебінен тікелей субсидияларға 136,5 млрд.теңге бөлу қажет. Балықты қайта өңдеу кешендерін құруға және кеңейтуге жұмсалатын шығындарға арналған инвестициялық субсидияларға 36,8 млрд. теңге қажет. Сондай-ақ балық өсіру жобаларына инфрақұрылым жүргізу керек. Оған жергілікті бюджеттен шамамен 7 млрд.теңге талап етіледі», - деді министр. Жалпы, жоғарыда көрсетілген шараларды іске асса, 10 жыл ішінде екі 2,2 трлн.теңгеге 1,1 млн. тонна балық өсіруге мүмкіндік тумақ. «Балық өнімдерін ішкі тұтынуды жылына 134 мың тоннаға дейін ұлғайтуға болады. Бұл балықты тұтынуды бір адамға төрттен сегіз килограмға дейін арттыруға мүмкіндік береді, яғни Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын 50% орындалады. Экспорттық түсімді 330 млн АҚШ долларына дейін ұлғайтуға қол жеткізуге болады. Форель және бекіре тұқымдас балық өндірісін ұлғайту есебінен импорт көлемі 45 мыңнан 25)мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді»,- деді Мағзұм Мырзағалиев күтілетін нәтижелер туралы. Аталған шаралар кемінде 50 мың қосымша жұмыс орындарын құруға және басым түрде ауылдық жерлерде халықтың табысын арттыруға ықпал етпек. Айта кетейік, еліміздің балық өнімдері нарығының 2019 жылы балық аулау көлемі 45 мың тоннаға, балық өсіру – 7,4 мың, экспорт –30 мың, ал импорт –45 мың тоннаға жетті.