Елордалық полицейлер «Сергек» АПК аккумуляторын ұрлағандарды ұстады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полицейлер «Сергек» АПК аккумуляторын ұрлағандарды ұстады
ашық дереккөз

Өз хатында кәсіпорын басшысы: «Полиция қызметкерлері «Сергек» АБК-дан жасалған бірнеше ұрлықты ашуға көмектесті, бұл бізге «Сергек» АБК-нің бейнебақылау камераларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» - деп атап өтті.

Астрахан тасжолының бойында орналасқан «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінен белгісіз адамдар бірнеше рет аккумулятор батареяларын бөлшектеп алып, бейнебақылау камераларын істен шығарған. 7 тамыз - 16 желтоқсан аралығында қылмыскерлер осыған ұқсас 4 ұрлық жасаған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер полиция аға лейтенанты А.Хамидуллаев және Ж.Нұралыұлы күдіктілердің ізіне түсіп, қылмыскерлерді кезекті ұрлық жасап жатқанда ұстаған. Тергеп-тексеру барысында ұрланған жабдықты қылмыскерлердің металл сынықтарын қабылдайтын орынға өткізгені анықталды. Ұсталғандар мойындау айғағын берді. Ұрланған аккумулятор батареялары алынып қойылып, иесіне қайтарылды.