Ескі көлігін өткізген қазақстандықтарға 7 млрд теңгеге жуық қаражат төленді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ескі көлігін өткізген қазақстандықтарға 7 млрд теңгеге жуық қаражат төленді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112775648772926.webp)
Техникасын жоюға тапсырғандарға берілген төлем көлемі 7 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ 8 651 мың жеңілдік сертификаты ескі көлігін өткізгендерге табысталды. «Биыл жеңіл автокөліктер үшін ақшалай төлем мөлшері ұлғайтылып, айлық есептік көрсеткішке байланысты төленетін болды. Маусым айынан бастап жеңіл көлігін өткізгендерге 150 мың теңгенің орнына 200 мың теңге (72 АЕК) берілді. Толық емес жиынтықтағы машина үшін төлем мөлшері 48 мыңнан 150 мың теңгеге дейін ұлғайды. 2020 жылдың 2 қарашадан бастап ӨКМ Операторы істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға қабылдаудың пилоттық бағдарламасын іске қосты. Тапсырылған ескі комбайндар мен тракторлар орнына жеңілдік сертификаттары берілді. Жеңілдік сертификатының номиналы ауыл шаруашылығы техникасының түрі мен жиынтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланды. Пилоттық жоба аясында 100 трактор мен 20 комбайн қабылданып, бағдарламаға бөлінген квота мерзімінен бұрын игерілді», - делінген ақпаратта. Айта кетсек, ескі көліктерді қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасы келер жылы да жалғасын табады. 2021 жылы тозығы жеткен 45 мың көлік, сондай-ақ 2 380 бірлік ауылшарушылық техникасын қабылдау жоспарланып отыр. Электронды кезек қаңтар айында ашылатын болады.