Зейнетақы жинақтарын сирек кездесетін ауруларды емдеуге қолдануға болады – Сәрсенбаева

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Зейнетақы жинақтарын сирек кездесетін ауруларды емдеуге қолдануға болады – Сәрсенбаева
ашық дереккөз

«Тізім бойынша азамат медициналық қызмет түрлерін мынадай ауруларды емдеуге қолдана алады: марфаны, «көбелек» терісі секілді өзге де сирек кездесетін аурулар жатады. Яғни емдеуге қажет дәрі-дәрмектер басқа елдерде бар болып, бірақ Қазақстанға әлі жетпеген болса, алайда клиникалық қолданысқа рұқсат етілген болса препаратты зейнетақы қорының есебінен алуына рұқсат беріледі», - дейді Гүлнәр Сәрсенбаева.

Ведомство өкілі сөзін жалғай отырып, қажет жолдамалар да алуына болатынын мәлім етті. «Сол сияқты диагностикалық зерттеулер Қазақстанда болмай, басқа елдерде тіркелген болса пациент жолдама ала алады», - дейді ол.