ДСМ жаңа жыл күні карантиндік талаптар барынша сақталуы керектігін хабарлайды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ДСМ жаңа жыл күні карантиндік талаптар барынша сақталуы керектігін хабарлайды
ашық дереккөз

«Құрметті қазақстандықтар! Вируспен қалай күресу керек екенін үйренгенімізге қарамастан, алдын алу шараларын сақтауымыз қажет, вирус әлі басылған жоқ. Коронавирус инфекциясының өршуі көбінесе жабық үй-жайларда әрі көптеген адамдардың ұзақ уақыт болуынан туындайды», - деді вице-министр.

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында вице-министр коронавирустың алдын алу шараларын сақтауға шақырды: * халық көп жиналатын орындарға бармау; * ұжымдық іс-шараларды, ертеңгіліктерді, корпоративтерді өткізбеу және қатыспау; * ағзаның салқындауына жол бермеу; * қауіп-қатер тобындағы таныстар мен туыстарға қауіп төндірмеу, қарым-қатынас жасау және құттықтау үшін заманауи қашықтан байланыс құралдарын пайдалану. «Жаңа жыл – отбасылық мереке. Мерекені туыстарыңызды, достарыңыз бен таныстарыңызды шақырмай-ақ, бірге тұратын жұрт өзара атап өтуге шақырамын. Құрметті қазақстандықтар, назарларыңызды тағы да пандемия әлі жалғасып жатқанына, вирус жойылмағанына аударғым келеді. Әрбір адам жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, басқаларға жұқтырмау және міндетті түрде бетперде кию, әлеуметтік қашықтық және гигиена талаптарын сақтауы қажет», - деп толықтырды М.Шоранов.