Асхат Аймағамбетов: Студенттік кеңестің алғашқы отырысы өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Асхат Аймағамбетов: Студенттік кеңестің алғашқы отырысы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112776410967414.webp)
Көшбасшылар маңызды мәселелерді көтеріп, өз идеяларын тікелей бағыттауға мүмкіндік алады. "Республикалық Кеңестің әр жиналысына өзім қатысамын және біз сұрақтарды талқылап, бірге шешім қабылдайтын боламыз. Белгіленген алғашқы отырыста біз жастармен танысып, болашаққа жоспарларды талқылап, жүйелі түрде өзара жұмыс жүргізуге келістік. Өз кезегімде жастар ұйымдары мен ЖОО көшбасшыларына атқарылып жатқан жұмыстар туралы айттым. Олар: шәкіртақыны арттыру, оқыту сапасына қатысты мәселелер, ЖОО-ларды оңтайландыру, студенттік жатақханалар салу және т.б. Студенттер мәселелері жөніндегі Кеңестің келесі отырысын Жаңа жылдың қаңтар айында өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз жастармен ең өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешудің нақты стратегиясын жасаймыз. Мұндай кездесулер әр тоқсан сайын өткізілетін болады", - дейді Білім және ғылым министрі.