Биыл ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы 1 000-нан аса іс-шара өткізді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы 1 000-нан аса іс-шара өткізді
ашық дереккөз

«Бүгінде Ұлттық академиялық кітапханасында кітаптар, сирек кітаптар, газет-журналдар сияқты жалпы 1,5 миллион материалдар қоры бар. Одан бөлек 2007 жылы ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша Ұлттық академиялық кітапхана базасы аясында ұлттық электронды кітапхана базасы жасалды. Бүгінде осы ұлттық электрондық база бойынша 60 мыңнан аса мәтіндегі контентіміз бар. Оның ішінде тек қана әдеби кітаптар емес, ғылыми және сирек кездесетін кітаптар, газет-журналдар, диссертациялар, аудио кітаптар, бейнематериалдар өте көп. Айта кетсек, осы уақытқа дейін 108 басқа елдің тұрғындары сол материалдарымызбен танысқан», - деді Нұржан Жолдыбалинов.

Сонымен қатар ол биыл Чехия, Германия сияқты шетелдерде Абай орталықтарының ашылғанын атап өтті. «Жыл басынан бері Ұлттық академиялық кітапханасында 1 000-нан аса іс-шара өтті. Түрлі форматтағы көптеген кездесу, соның ішінде шетелдік сарапшылармен де кездесулер ұйымдастырылды. Одан бөлек қаншама кітаптың тұсаукесері болды. Ауқымды шаралардың негізгі бөлігі Абайдың 175 жылдығына арналды. Чехия, Словакия, Германия сияқты бірқатар мемлекетте Абай орталықтары ашылды. Бұрнағы күні ғана Ресейдің Санкт-Петербург қаласында да Абай орталығының ашылуы болды. Сол орталықтарға көптеген кітап сыйға берілді. Оның ішінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 10 тілге аударылған кітаптарымыз бар. Ол кітаптар – Абайдың 145 өлеңі, 3 поэмасы және 45 қарасөзі. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Свет и тень» сияқты басқа да кітаптары, Абайтанушы ғалымдардың кітаптары және өзге де авторлардың кітаптары сол орталықтардағы кітап сөресіне қойылды», - деді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының орынбасары.