III тоқсанда бітіруші сыныптар кезекші сыныптар режимінде оқуды бастайды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
III тоқсанда бітіруші сыныптар кезекші сыныптар режимінде оқуды бастайды
ашық дереккөз

«11 қаңтардан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. 1-5-сынып оқушылары кезекші сыныптар режимінде оқуларын жалғастырады. Бұған қоса, III тоқсанда бітіруші 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта 15 адамнан аспайтын кезекші сыныптар режимінде оқуды бастайды. Оффлайн өтетін сабақ кестесіне: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы кіреді. Бұл оқыту пәндерінің 70%-ын құрайды. Сондай-ақ пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылады. Атап өтетін болсам: информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері қашықтан оқытылады. Ал вариативті компоненттің пәндері кестеге сәйкес асинхронды түрде жүргізіледі. Айта кетейін, қаламызда 9-сыныпта 13 215 оқушы оқыса, 7 567 бала 11 сыныпта оқиды. Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр сынып үшін әртүрлі уақытта ұйымдастырылады. Сабақ уақыты 30 минуттан аспайды, үзіліс 5 минуттан», - деді Білім басқармасының басшысы.