Шолпан Қадырова: «Елордалық электронды мектеп» платформасы әзірленді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шолпан Қадырова: «Елордалық электронды мектеп» платформасы әзірленді
ашық дереккөз

«Өздеріңіз білетіндей, екінші тоқсан қашықтан және кезекші сыныптар режимінде өтті. Білім беру ұйымдарында оқу жоспарының барлық пәндері бойынша бағдарламалық материал толық орындалды. Қаланың барлық мектептерінде 1-5-сыныптар аралығында 3 246 кезекші сыныптар ашылып, онда 46 мыңнан астам оқушы білім алды. 3-15 желтоқсан аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізілді (1 БЖБ), ал 21-29 желтоқсан аралығында тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілуде (1 ТЖБ). Екінші тоқсанда білім беру ұйымдары синхронды және асинхронды сабақтарды өткізу үшін отандық OnlineMektep және DarynOnline интернет-платформаларын пайдаланды. Сонымен қатар, екінші тоқсанда «Елордалық электронды мектеп» платформасы әзірленді, онда білім берудің барлық деңгейлері бойынша 5 295 авторлық бейнесабақтар жүктелді. Платформаға келушілердің өсуі байқалады, қаралым саны 10 миллионнан асады», - деді Ш.Қадырова.

Алтын Салық