Нұр-Сұлтанда супермаркеттер мен гипермаркеттерге тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат берілді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда супермаркеттер мен гипермаркеттерге тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат берілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112788032814488.webp)
ашық дереккөз
Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін жаңажылдық мереке қарсаңында объектілерді тәулік бойғы жұмыс режиміне ауыстыруға рұқсат беруді тапсырды.«Мереке қарсаңында дүкендерде келуші саны көбеюі байқалады. Үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін жарлықта жаңа жұмыс кестесі белгіленді. Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын супермаркеттер мен гипермаркеттер жұмыс уақытында шектелмейді. Келушілер саны 30%-дан аспауы керек. Жер-жерлерде объектілердің басшылары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып жұмысты ұйымдастыруы керек», - деді қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.
Ұқсас жаңалықтар